26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Атырауда 2016 жылдың соңына дейін күкірт өндіру қондырғысы орнатылады 

16 мамыр 2016 Қаралым: 1 941
Атырауда 2016 жылдың соңына дейін күкірт өндіру қондырғысы орнатылады 
Алматы. 17 мамыр. Ақпараттар орталығы. Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) аумағындағы қондырғы құрылысымен «ҚазСтройСервис» компаниясы айналысатын болады, деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметінен.

Құрылысқа сондай-ақ 13 қазақстандық қосалқы мердігерлік мекемелері мен 676 маман қатысады. 

Хабарда айтылғандай, күкірт шығаратын аралас қондырғы (КШАҚ) жоғары технологиялық процесті қолдана отырып, техникалық күкірт шығаруға арналған. Қондырғы тәулігіне 58 тонна қатты күкірт шығаруға қабілетті. 

«Күкірт өндіру экономика мен өнеркәсіпте жоғары сұранысқа ие. Күкіртті күкірт қышқылын өндіруде, каучук вулканизациясына, ауыл шаруашылығында фунгицид ретінде қолданады. Күкірт жол-құрылыс материалдарын, сырларды, тыңайтқыштарды және басқаларын дайындауға да қолданылады», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

АМӨЗ-дегі күкірт қондырғысы құрылысының механикалық аяқталуы 2016 жылдың желтоқсанына жоспарланған.